Шыңғыс Әрінов су тасқыны бойынша ахуалды жеке бақылап отырғанын айтты.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Министр су тасқыны бойынша ахуалды жеке бақылап отырғанын айтты.
"Кеше республика бойынша су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты министрліктің барлық бөлімшесі күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою бойынша жедел ден қоюдың барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр", - деді Шыңғыс Әрінов.