Су тасқынынан он екі мыңнан астам мал қырылды

0
375

Өтемақы алу үшін жергілікті комиссияға өтініш беру керек.


Су тасқынынан он екі мыңнан астам мал қырылды

ERNUR.KZ. Су тасқыны маусымы басталғаннан бері 12 500-ге жуық мал қырылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының орынбасары Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, қырылған малдың 98%-на өтемақы төленді.
Бердалин әкімдіктер жанынан су тасқыны салдарын жою үшін арнайы комиссиялар құрылғанын мәлімдеді.
"Өлген мал үшін өтемақы төлеу алгоритмі бар. Ол үшін жануардың өлексесін көрсету керек және малдың құлағында тег болуы керек. Сондай-ақ ауданның ауылшаруашылық деректер базасында тіркелуі керек", - деді ол.
Өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросының критерийлері бойынша жануарлардың нарықтық құны негізінде айқындалады.