Оқиға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында болған.
ERNUR.KZ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақтың жанында жас жігіттің денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алматы полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Әзірге жігіттің нақты неден өліп кеткені белгісіз.
Куәгерлер оның субұрқаққа шомылғанын көрген. Артынша, субұрқақтың ішінен тұрып, денесі тіп-тіке күйінде құлаған.