Субұрқақта тоқ соққан 28 жастағы науқастың жағдайы ауыр

0
449

19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соққан болатын.


 Субұрқақта тоқ соққан 28 жастағы науқастың жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Алматы циркінің жанындағы субұрқақта тоқ соққан үш адамның біреуінің жағдайы әлі де өте ауыр. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі демалып жатыр. 8 және 10 жасар қыздар аурухананың бейінді бөлімінде жатыр. Екеуінің де жағдайы тұрақты, шағым жоқ, барлық медициналық көмекті алуда», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.

Кейіннен әкімдік аталған оқиғанын мән-жайын түсіндірді.

Сонымен қатар, «Eco Almaty» ЖШС басшысы Жанна Асанова, ол жерде «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын атап өтті.

Алматы әкімі оқыс оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатқанын мәлім етті.