Суданнан үш отандасымыз елге жеткізілді

0
495

Әскери қақтығыс ушыққан Судан Республикасынан үш отандасымыз елге жеткізілді. Сыртқы істер министрлігі олардың аман-есен оралуына ұйытқы болған.


Суданнан үш отандасымыз елге жеткізілді

ERNUR.KZ. Шығыс Африкадағы мемлекетте 10-нан астам қазақстандық тау-кен саласында вахталық әдіспен еңбек етеді. Солардың бірі, қызылордалық Нұрдәулет Жұрғатов. Олар атыс-шабыс ошағы Хартум қаласынан 500 шақырым жерде болған, деп жазады zakon.kz.

Дегенмен, қауіпсіздік үшін үш отандасымыз соғыс тұтанған соң 11 күннен кейін Судандағы Қазақстан елшілігінің көмегімен Сауд Арабиясына депортацияланып, әрі қарай туған жерге аман-есен оралды.

"Судан елінде жұмыс істейтін менімен бірге 3 әріптесіміз елге оралдық. Қазір соғыстан кейінгі халықтың жағдайы өте ауыр. Өзімізбен бірге әскери кеме арқылы эвакуция жасаған кезде 2 мыңға жуық адам болды. Судандық азаматтар өз елдерін тастап соғыстан қашып жатыр."Нұрдәулет Жұрғатов, Қызылорда облысының тұрғыны