Суицид: Астанада әйел адам терезеден секіріп кетті

0
620

Ол алған жарақаттан сол жерде қайтыс болған.


Суицид: Астанада әйел адам терезеден секіріп кетті

ERNUR.KZ. Елордада әйел терезеден секіріп қайтыс болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, деп жазады inform.kz.

Ақпаратта айтылғандай Н. Тілендиев даңғылында әйелдің қаза болу фактісі бойынша елордалық полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес «суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

«10 қарашада «102» арнасына Н. Тілендиев даңғылының бойындағы тұрғын үй терезесінен әйелдің құлағаны туралы қоңырау түсті. Ол алған жарақаттан сол жерде қайтыс болды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды», - дейді полициядан.