Сүлейменова Павлодар маңындағы кеуіп қалған бозқызғылт көлді комиссия тексеретінін мәлімдеді

0
812

Оның құрамына экология комитеті мен Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары, экологтар мен қоғам қайраткерлері кіреді.


Сүлейменова Павлодар маңындағы кеуіп қалған бозқызғылт көлді комиссия тексеретінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 16 шілде күні Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова комиссия Павлодар маңындағы кеуіп қалған бозқызғылт түсті Коряковка көліне зерттеу жүргізетінін айтты, деп жазады zakon.kz.

Министрдің айтуынша, қазір комиссия дайындалып жатыр, оның құрамына экология комитеті мен Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары, экологтар мен қоғам қайраткерлері кіреді.
"(Комиссия. – ред.) Коряковка көлінде зерттеу жүргізеді – бұл Қазақстандағы екінші атақты бозқызғылт көл. Комиссия жұмысының қорытындысы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайты мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, – деп жазды Зульфия Сүлейменова Instagram парақшасындағы Stories-де.

Министр барлық ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін комиссия сейсенбі, 18 шілдеде жолға шығатынын атап өтті.

2023 жылғы 14 шілдеде әлеуметтік желілерде Павлодар маңындағы кеуіп қалған бозқызғылт көлдің аянышты халін көрсететін видео тарады. Біреу көлді құрғатып, сол жерден тұз сатады деген қауесет тарады.

Экология министрлігі тұзды заңсыз өндіру фактісі расталғанын айтты. Бұл ретте ведомство "Өндірістік көлемдерде тау-кен өндіру жұмыстары байқалмайды, болжам бойынша кен өндіруді жергілікті тұрғындар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, қарабайыр әдістерді пайдалана отырып жүргізеді" деп атап өтті. Сондай-ақ министрлік көлдегі су деңгейінің төмендегенін қыста қар жамылғысының және жыл басынан бері еріген судың аз болуымен түсіндірді.