Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік гранттардың бөлінуін қадағалайды

0
934

Кешенді тестілеу өтетін орындарға 298 бейнекамера орнатылды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік гранттардың бөлінуін қадағалайды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет магистратураға және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне түсу кезінде әрбір грантты бақылауға алды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттікте өткен кеңесте белгілі болды, деп жазады Елорда Инфо.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Д.Б. Сабырбаев азаматтардың барлық санаттары арасында парасаттылықты дамытуға шақырды. Ол ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған түлектер арасында лайықсыз тәртіп үлгісін мысалға келтірді.

«Ағымдағы жылы ҰБТ барысында 90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка анықталып, тәркіленді»,- деді Д. Сабырбаев.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және парасаттылық құндылықтарын сіңіру мақсатында Білім және ғылым министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынымдарына сәйкес магистратураға түсу форматын өзгертті.

Мәселен, 2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау рәсімі тестілеу қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Кешенді тестілеу 10-16 тамыз аралығында 27 кешенді тестілеу пункті базасында өткізіледі. Барлық 27 пункт ұялы байланыс сигналдарын басушы 298 құрылғымен, 128 металл іздегішпен, 298 бейнекамерамен жабдықталған.

Процесстің объективтілігін қамтамасыз ету үшін тестілеуге бақылаушы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тартылатын болады.

Тестілеуге бүкіл ел бойынша 30 000 астам үміткер қатысады. Магистратураға гранттардың жалпы саны 13 000.