Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы қайтыс болды

0
2 532

​Төлеген Байғұлов коронавируспен ауырған.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы қайтыс болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиаорталықтың төрағасы өмірден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қайтпас қайсар, патриот жан еді. Бүгін сұмырай COVID-тен қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық «Адалдық алаңы» кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жаннатта болсын", - деп жазды Нұрлан Жахин.

Төлеген Байғұлов Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық белсенді болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Адал Тұлға" бағдарламасының бастамашысы.