Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қашан енгізілетінін айтты

0
815

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған сапары аясында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге” қол қойған еді.


Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қашан енгізілетінін айтты

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан басталатынын айтты, деп жазады stan.kz.

Айбек Смадияровтың сөзінше, әлі Қытайда мемлекетішілік рәсімдер аяқталуы керек.

"2-3 айда болу мүмкін. Біз өз тарапымыздан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз. Мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау керек. Біздің тараптан осы келісімді бекіту туралы Үкіметтің қаулысын қабылдау қажет. Қаулыны қабылдауға біраз уақыт керек", – деді министрліктің ресми өкілі.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған сапары аясында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге” қол қойған еді.