Табысын жарияламаған мемқызметкерлер 17 млн теңге айыппұл төлейтін болды

0
1 144

Алматыда табысын жарияламаған мемлекеттік қызметкерлерге 17 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Табысын жарияламаған мемқызметкерлер 17 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Алматыда табысын жарияламаған мемлекеттік қызметкерлерге 17 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 152 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Белгіленген мерзімде табыс декларациясын тапсырмаған 152 мемлекеттік қызметші мен олардың жұбайларына қатысты әкімшілік жаза қолданылды. Оларға 17 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді баспасөз қызметінен. 2018 жылдың 31 наурызына дейін өткен жылдың мемлекеттік қызметшілер табыс көлемі мен мүлкі туралы декларация жіберуі тиіс. Декларацияны тапсыру үшін оларға жергілікті ХҚКО арқылы криптографикалық кілт алу керек. Электронды режімде декларацияны «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасында тапсыра алады.