​Тағы да Теміржол ауруханасы: Науқас медбикені соққыға жығып, қабырғасы мен жағын сындырды

0
2 024

Бірақ бұл медициналық қызметкер оларға жұдырықпен жауап қайтаруларына болады деген сөз емес.


​Тағы да Теміржол ауруханасы: Науқас медбикені соққыға жығып, қабырғасы мен жағын сындырды

ERNUR.KZ. Жұма күні ауруханамызға келіп түскен науқас күзетшімізді соққыға жығып, медбикеміздің жақ сүйегі мен қабырғасын сындырды. Қазір қызметкерлеріміз емделіп жатыр деді Теміржол ауруханасының директоры Сергей Демочкин, деп жазады sputniknews.kz.

Астана қаласындағы Теміржол ауруханасының директоры күн сайын өздеріне физиологиялық қана емес, психологиялық күйі де қиын науқастардың келіп түсетінін айтты. Жуырда келіп түскен науқастардың бірі аурухана күзетшісі мен медбикесін соққыға жығып, кейінгісінің қабырғасын сындырған.

"Науқастардың оғаш қылық танытуы жиі кездеседі. 28 қыркүйек күні ауруханамызға келіп түскен науқас күзетшіні ұрып-соғып, медбикенің жағын сындырған болатын. Қазір қызметкеріміз емделіп жатыр. Мұндай жағдай ауруханамызда бірінші рет болып отырған жоқ. Бізге күн сайын оғаш қылықтар шығаратын науқастар келіп түсіп жатады. Бірақ бұл медициналық қызметкер оларға жұдырықпен жауап қайтаруларына болады деген сөз емес", - деді Теміржол ауруханасының директоры Сергей Демочкин журналистерге арналған брифинг барысында.