Таксисті қылқындырып, машинасын мініп кеткен қылмыскерлер қолға түсті

0
2 047

Өскеменде 20, 22 және 23 жастағы жігіттер таксисті қылқындырып машинасын мініп кеткен


Таксисті қылқындырып, машинасын мініп кеткен қылмыскерлер қолға түсті

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Өскеменде 10 қыркүйек күні белгісіз біреулер тапатал түсте такси жүргізушісін тұншықтырып, машинасын мініп кеткен, деп жазады altaynews.kz.

Зардап шегуші 51 жастағы ер адам көлікке 3 жігіттің отырып, Самсоновка ауылына жақындаған кезде жолаушылардың бірі тоқтауын өтініп, қылғындыра жөнелгенін айтады.

Есін жия сала «Daewoo» көлігінің иесі «102» нөміріне хабарласады. Патрульді қызмет түскен хабарламаға қатысты бірден әрекет етіп, қылмыскерлерді құрықтаудың амалын жоспарлайды.

Зардап шегушінің берген ақпаратынан кейін барлық патрульдік топтарға ұрланған көлік пен бұзақылар туралы ақпарат таратылып, тәртіп сақшылары қылмыскерлердің ізін суытпай құрықтады.

Белгілі болғандай, адам өміріне қастандық ойлаған үш жігіттің 20, 22 және 23 жаста екендіктері анықталды. Сонымен қатар, бұзақылар көлік ұрлығына қатысты жоспарды алдын ала құрған, өйткені олардың Мариногорка ауылына жететін көліктері болмаған.

Бұзақыларды Өскемен-Самар тас жолының 123 шақырымында ұстадық. Патрульдік қызметтің жедел жұмысының арқасында құқықбұзушыларды тез табылды, – дейді ШҚО ІІД ЖППБ қызметінің инспекторы, аға лейтенант Тыныс Ахатбеков.