Тағы екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.
ERNUR.KZ. Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам мерт болды. Оқиға Көксу ауданының Алғабас ауылының маңында болған, деп жазады ҚазАқпарат.
19 маусым күні сағат 22:50 шамасында Алматы-Өскемен тасжолының 225-шақырымында көлік апаты болды.
«Митсубиси Галант» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі арақашықтықты сақтамай «Скания 124» жүк көлігіне соғылған.
«Митсубиси Галант» көлігінің жолаушысы мерт болды.
Осы көліктегі тағы бір адам ауруханада жан тапсырды.
«Осы жеңіл автокөліктің тағы екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен емдеу мекемесіне түсті. Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.