Талдықорғанда 15 жастағы оқушыны ұрлау туралы ақпарат расталмады

0
1 067

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқушының тұрған жері анықталды.


Талдықорғанда 15 жастағы оқушыны ұрлау туралы ақпарат расталмады

ERNUR.KZ. Талдықорғанда 15 жастағы оқушыны ұрлау туралы ақпарат расталмады. Кәмелетке толмаған бала аман табылып, ата-анасына табысталды, деп жазады Azattyq Ruhy.

2 қаңтарда Талдықорған полициясына 15 жастағы оқушыны ұрлау туралы хабарлама келіп түсті. Мәлімдемеде қалалық шағын аудандардың бірінде кәмелетке толмаған адамды бірнеше ересек ер адамдар күш қолданып алып кеткен деп көрсетілген, бұған оның бөлесі куә болған.

«Қалалық полицияның дабыл бойынша көтерілген жеке құрамы ұрланған жасөспірімді жаппай іздестіруді ұйымдастырды. Полицейлер жақын маңдағы тұрғын үй массивтерін қарап шықты, сонымен қатар қаланың барлық салынып жатқан құрылыс объектілерін тексеріп, көшедегі бейнебақылау камераларын қарады. Сонымен қатар, жедел уәкілдер кәмелетке толмаған баланың ата-анасының үйінен өздігінен кеткені туралы нұсқаны тексерді. Нұсқа ақыры куәгердің «ұрлау» туралы қосымша сауалнамасынан кейін расталды», - деп көрсетті Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқушының тұрған жері анықталды. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала туыстарына Сарқан қаласына барған, оны полиция қызметкерлері сол жақтап іздеп тауып, Талдықорған қаласына жеткізді. Жасөспірім ата-анасының үйіне қайтарылды.