Талдықорғанда 19 жастағы жүргізуші жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

0
524

Оқиғаны полиция растады.


Талдықорғанда 19 жастағы жүргізуші жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

ERNUR.KZ. Ведомствоның мәліметінше, Талдықорған қаласының шетіндегі Жалайыр даңғылында 21 маусымға қараған түні Nissan Maxima, ЗИЛ-130 және Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан, деп жазады sputnik.kz.

"Алдын ала мәлімет бойынша жол апатына Nissan Maxima көлігінің 19 жастағы жүргізушісі кінәлі. Ол ЗИЛ-130 жүк көлігімен және Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан Nissan жүргізушісі зардап шегіп, жеңіл жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды.