Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісін бауыздамақ болды

0
1 811

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.


Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісін бауыздамақ болды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісін бауыздап өлтірмек болды. Алайда, қыздың айтуынша, полиция "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

27 қазан күні ер адам 28 жастағы Адина Хуанбекқызына шабуыл жасаған. Сауда үйінің қауіпсіздік камерасына оқиға болған сәт түсіп қалған. Кадрларда ер адам қызды қолымен ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірмек болғанын көруге болады. Кейін ол үстелден кеңсе пышағын алып, қыздың мойнына соққы бере бастайды.

"Ол менің тамағымды кескісі келді! Мен оған жол бермедім, бірақ ол мені бәрібір пышақтап тастады! Мен одан балаларым үшін мені өлтірмеуін өтіндім. Бірақ Талдықорған полицейлері мені тыңдағысы келмейді, оның бұзақылық жасағанын айтады, ал кеңсе пышағы суық қаруға жатпайды деп айтты",- деді қыз.

Жас ана ауыр жарақат алған. Жәбірленуші шұғыл отадан кейін бір жарым сағат реанимацияда болған. Операциядан кейін оны жағдайының ауырлығына қарамастан полицейлер алып кеткен.

"Отыра алмайтын, жүре алмайтын жәбірленушіден жауап алынды. Шабуылдаушы 1 күн жасырынып жүрді, содан кейін оны тауып, 2 күнге қамады. 293-баптың 3-бөлігі бойынша "суық қару-жарақ бұзақылығы" бойынша айыпталды. Алайда видеода оның адам денсаулығына қасақана зиян келтіру және өлтіруге әрекет ету екені анық көрініп тұр. 2 қарашада анам полицияға оның не үшін босатылғаны туралы шағыммен барды. Тергеуші анама оны ұстауға негіз жоқ деп жауап берген. Шабуылдаған ер адаммен біз бір аулада тұрамыз", - деді ол.

Шулы оқиғаға қатысты Талдықорған прокуратурасы жауап берді.

"Талдықорған прокуратурасы азаматтың тұлғасына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы туралы сот шешімін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына өзгеріс енгізу туралы наразылық енгізді. Қазіргі уақытта Жетісу облысы сотының шешімі күтілуде", - деп хабарлады қадағалау органы.