Алматы облысында жеңіл өнеркәсіппен айналысатын оннан аса ірі кәсіпорын бар.
ERNUR.KZ. Талдықорғандағы тігін фабрикасы жыл сайын 1 млрд теңгеден астам қаржының тауарын шығарып отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Алматы облысында жеңіл өнеркәсіппен айналысатын оннан аса ірі кәсіпорын бар. Талдықорғандағы тігін фабрикасы солардың қатарында. Мекеме негізінен әскери сала қызметкерлерінің сұранысын өтейді. Болашақта мұнайшылар мен энергетиктер және құрылысшылардың формасын тігуді қолға алмақ. Өңірде осындай үлкен өндіріс орындарымен қатар шағын кәсіпкерлік те дамып келеді. Әсіресе аяқ киім тігетін етікшілердің жұмысы жандана түскен.
Төлепхан Шора, кәсіпкер:
- Былтыр күзгіні айтсам, 8 тонна тауар былғары мен табан алдым. Ішкі қой терісін Текеліден алдық. Болашақта үлкен цех ашқым бар. Цех болғанда тауарымды шет елге шығаратындай болады.