Талдықорғандық оқушы Гарвардқа шақырту алды

0
1 731

Ол компьютерлік бағдарламалалардың тілін меңгеріп үлгерген.


Талдықорғандық оқушы Гарвардқа шақырту алды

ERNUR.KZ. Талдықорғандық оқушы Сезім Ертанатов Гарвард университетіне шақырту алды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы болашағын IT саласымен байланыстырмақ, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сезім Ертанов Гарвардтың компьютерлік ғылымдар факультетінде оқуды жоспарлап отыр. Ол шетелдік ең беделді жоғары оқу орындарының біріне түсу үшін аянбай еңбек етіп, көп ізденген. Мектеп оқушысы компьютерлік бағдарламалалардың тілін меңгеріп үлгерген.

«Мені әрқашан ақпараттық технологиялар теориялық және математикалық тұрғыдан қалай жұмыс істейтіні қызықтырады. Қазіргі уақытта мен Java, C ++, PHP сияқты бағдарламалау тілін үйрендім. Сондай-ақ, түрлі веб-сайттарды жасағанды, деректі фильмдер түсіргенді және өңдегенді ұнатамын. Болашақта компьютерлік саланың мықты маманы болғым келеді», - дейді оқушы.

Математика пәнінің мұғалімі Зухра Даутованың айтуынша, шәкіртінің болашақта табысты маман болуға барлық мүмкіндігі бар. Ол қоғамдық өмірде де белсенділікпен көзге түскен.

«Ол өз бетінше оқуға қабілетті, белгілі бір мәселелер мен сұрақтарды шешуде әртүрлі нұсқаларды ұсынады, жан-жақты. Саналы түрде мақсат қойып, оған жете білу – оның ең мықты қасиеттерінің бірі. Мектеп қабырғасында Сезім бірқатар еріктілер қозғалысын ұйымдастырған. Кәсіптік бағдарлау комитетін ашып, БҰҰ моделі ойыны бойынша қалалық конференция өткізді. Бұл кез келген оқушының қолынан келмейді. Сонымен бірге ол информатика және қазақ тілі пәндерінен «Жас ғалым», «Дарабоз» атты халықаралық, республикалық олимпиадаларының жүлдегері және жеңімпазы атанды», - дейді педагог.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарихында Сезім Ертанов – Гарвардқа шақырту алған екінші оқушы.