Талғар бөгетін су шайып, 150 адам эвакуацияланды

0
1 566

Талғар бөгетінің бөрене ұстағышында жер дамбасының оң жағын су шайып кетті.


Талғар бөгетін су шайып, 150 адам эвакуацияланды

Алматы облысында сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды, деп жазады ҚазАқпарат «Қазселденқорғау» мекемесіне сілтеме жасап.

Су тасқынының әсерінен 22 шілде күні түнгі 00:30 шамасында Талғар бөгетінің бөрене ұстағышында жер дамбасының оң жағын су шайып кетті.

Салдарынан ұзындығы - 5,5 м, ені - 3 м, тереңдігі - 1,2 метрлік, көлемі шамамен 20 текше метр болатын шұңқыр пайда болды.

Оны қалпына келтірумен «Қазселденқорғау» филиалы айналысады.

Қазіргі уақытта су ағыны транзиттік режимде.

«Қазселденқорғау» Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне (көпір өткелдеріне) мамандардан құралған мобильді бақылау бекеттерін қойды.

«Сел» дабылын алғаннан кейін шұғыл түрде селдің қауіпті аймағынан демалушылар эвакуацияланды.

Бас-аяғы - шамамен 150 адам