Зардап шеккендердің екеуі әлі дәрігерлердің бақылауында.
ERNUR.KZ. Сәуірдің 12-сі күні Алматы облысында медициналық колледждің төрт студенті ауруханаға жатқызылды. Қыздар дөнерден уланған, деп жазады Zakon.kz.
Зардап шеккендердің екеуі әлі дәрігерлердің бақылауында.
Қыздар Талғарда дөнер жегеннен кейін өздерін нашар сезінгенін айтты. Қазір аудандық СЭС мамандарының қатысуымен осы факті бойынша тексеру басталды.Алматы облысы ДП баспасөз қызметі
Ведомствоның мәліметінше, тексеру жүргізу үшін дөнер сататын орынның қызметі тоқтатылды.
Тексеру қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады, – деді баспасөз қызметі.