Ер адамды іздеу бес күннен бері жалғасып жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда 29 қарашада ер адам түнде үйінен шығып, жоғалып кеткен. Әйелінің айтуынша, оған Талғардан SOS сигналы келген, деп жазады tengrinews.kz.
Жоғалған 34 жастағы алматылық Тимур Поповтың әйелі күйеуінің 30 қарашаға қараған түні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін айтты.
"Алматыда Назарбаев даңғылы бойында тұрамыз. Түнде балалармен ұйықтап жатқанда ол үйден шығып кеткен. Ол ештеңе ескертпеді, ешкімге қоңырау шалмады, жазбады, достарының ешқайсы білмейді. Күртешесін киіп, бас киімін де алмай, үйден шығып кеткен. Келесі күні таңғы сағат 3-те оның iPhone телефонынан Талғардағы геолокациясы көрсетілген SOS сигналын алдым. Осыдан кейін телефон өшіріліп, қайта қосылмады. 1 желтоқсанда Алматы Медеу ауданының полициясына арыз жаздық, содан бері күйеуімнен еш хабар жоқ", – дейді жоғалған ер адамның әйелі Алина.
Әйел полицейлердің геолокация деректерінде көрсетілген жерге барғанын, бірақ бұл жерден күйеуінің ізі табылмағанын атап өтті. Сондай-ақ, ол ер адамның Талғарға не үшін барғанын түсінбейді. Онда достары бар, бірақ олар оны көрмеген.
Ер адамды іздеу бес күннен бері жалғасып жатыр. Ер адам қара күрте, көк джинсы шалбар және сары аяқкиім киген.
Белгілері: бойы 183 сантиметр, шашы қара, ағарған, сақалы бар, көзі қоңыр.
Ер адам туралы мәлімет білетіндерден полицияға немесе +7 701 768 9368 нөміріне хабарласуы сұралды.