Тәліптер билігі Қазақстанның ұн экспортын төмендетті

0
614

Қазақстанда ұн өндіру көлемі биыл 4,5%-ға, өсімдік майын өндіру көлемі 3%-ға, шұжық өнімдерін өндіру көлемі 0,4%-ға төмендеген.


Тәліптер билігі Қазақстанның ұн экспортын төмендетті

ERNUR.KZ. Ауғанстанда тәліптердің билікке келуі Қазақстанның сол елге ұн жеткізуіне әсер еткен, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің өзі айтып отыр. Қазақстанда ұн өндіру көлемі биыл 4,5%-ға, өсімдік майын өндіру көлемі 3%-ға, шұжық өнімдерін өндіру көлемі 0,4%-ға төмендеген.

Министрліктен толықтырғандай, ұн өндіру көлемінің 4,5%-ға төмендеуі ұн импорттаушы елдерде өзіндік өңдеудің дамуымен, сондай-ақ тәліптердің билікті басып алуынан Ауғанстанға ұн жеткізу кезінде туындаған проблемамен байланысты болған. Бұдан басқа, Қытаймен шекарада өсімдік майы тиелген вагондардың тұрып қалу проблемалары салдарынан өндірілген өнімді өткізу төмендеген. Бұл өндіріс көлеміне әсер етті. Ал шұжық өнімдері өндірісінің 0,4% төмендеуі тұтынушылық сұраныстың төмендеуімен байланысты болып отыр.