Танымал ойыншықтың құрамынан фенол табылды

0
786

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімет жариялады.


Танымал ойыншықтың құрамынан фенол табылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2020 жылдың 10 айында өнімнің 1 533 түрін іріктеп сатып алы, зертханалық сараптамадан өткізді. Оның 9% техникалық регламент талаптарына сай емес, деп жазады ҚазАқпарат.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, іріктеп алынған өнімдердің 75% - шетелдік, 25% - отандық өнімдер.

Сәйкессіздік анықталған өнімдердің басым көпшілігі, яғни 77,5% - таңбалануы бойынша, 9,4% - физико-химиялық көрсеткіштері бойынша, 1,4% - микробиологиялық көрсеткіштері бойынша, 0,7% - токсико-гигиеналық көрсеткіштері бойынша, 4,3% - қауіпсіздік талаптары бойынша және 8,7% - басқа да көрсеткіштер бойынша талапқа сай емес.

Мониторинг барысында іріктеп алынған барлық өнімнің 78% - тамақ өнімдері және қалған 22% - өндірістік тауарлар .

10 айда облыс аумағында 1191 сынама тағам өнімдері іріктеп алынып, соның ішінде ТР талаптарына 67 (5,6%) сынама сай емес.

Барлық талапқа сай емес тағам өнімдерінің ішінде:

Ет және ет өнімдерінің 120 сынамасының 8-нен (6,7%) сәйкессіздік анықталды , барлығы шетел өнімдері, соның ішінде 4 өнім физико-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес емес («Докторская» пісірілген шұжығы және жартылай ысталған «Праздничная» шұжығы, ЖШҚ «Желен» Ресей, Орынбор облысында өндірілген, «Сервелат», «Байрам» жартылай-ысталған шұжығы ЖК «Досматов Т.З.», Жамбыл облысы, Тараз қаласы өндірісі) және 3 сиыр етінен зертханалық сараптама қорытындысында шошқа ДНҚ-сы табылды (пісірілген шұжық өнімдері «С говядиной» сосискалары, өндірушісі: РФ, Саратов. «МК» АГРОТЕК« ЖШҚ; ет-өсімдікті консервілер «Тушенка кусковая говожья», өндірушісі - РФ, Мәскеу, Троицк қаласы «Орелпродукт» АҚ; бұқтырылған стерильденген сиыр еті, жоғары СОРТ, өндірушісі: Ресей, Мәскеу қаласындағы «Қорған ет комбинаты» ЖШҚ СТАНДАРТ).

Іріктеп алынға н қ ұс және құс еті өнімдерінің 58-інен және балық өнімінің 40 түрінен таңбалануы бойынша талапқа сай емес әрқайсысынан 7 өнім анықталды;

С үт және сүт өнімдерінің 153 түрлі сынамасына сараптама жүргізілді, оның 9,2% талапқа сай емес. Ақтау қаласында орналасқан «Millina Food Production Company Ltd» ЖШС сүт зауытының 2 өнімінен (тәтті сүзбе мейіз қосылған) ішек таяқшалар тобының бактериясы табылды.

Аталған зауытқа жоспардан тыс тексеру жүргізіліп сапасыз 240 кг сүт өнімі сауда айналымынан алынып тасталды және жауапты тұлғаға 304 865 теңге көлемінде айыппұл салынды.

2020 жылдың 10 айында құрамындағы қауіпті заттарды анықтау мақсатында 342 түрлі өндірістік тауар іріктеп алынды, оның ішінде балаларға арналған тауарлардың 34 түрлі сынамасы сараптамадан өтті.

Оның 17-і таңбалануы бойынша талапқа сай емес және оған қосымша Қытайда өндірілген бір балалар ойыншығынан («Шар - сюрприз «LOL Surprise») нормадан артық мөлшерде фенол анықталды.

Зертханалық сараптамадан өткен 19 түрлі асханалық құралдардың 12-сінен (асханалық құралдар жиынтығы, шанышқылар мен қасықтар) коррозияға тұрақсыз, тез даттанатындығы анықталды, олардың барлығы Қытай Халық Республикасында өндірілген.

Өнім қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг қорытындысы негізінде анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлік иелеріне 29 санитарлық ұйғарым берілді және кемшіліктерді жою жолдары көрсетілді.

Жоспардан тыс тексеру бойынша 2 әкімшілік іс қозғалып, кәсіпкерлік субъектілеріне 397 650 тг айыппұл салынды.

2020 жылдың 10 айында талапқа сай емес 662,1 кг сапасыз өнім сауда айналымынан алынып тасталды және жойылды.