Арман Әлімовты тапа-тал түсте төрт жігіт ұрып, ақ түсті Audi көлігіне салып алып кеткен.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әлімовті белгісіз біреулердің соққыға жыққан сәтінен видео тарады, деп жазады 24.kz.
Бейне бақылау камерасына көліктен бірнеше жігіттің түсіп, Арман Әлімовке шабуыл жасаған сәті түсіп қалған. Тапа-тал түсте төрт жігіт жаттықтырушыны ұрып, ақ түсті Audi көлігіне салып алып кеткен.
Оқиғаға куәгер болғандар еш көмектесе алмаған. Инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланған видеода жалғыз келе жатқан ер адам дүкенге кірген сәтінде оны бір топ жігіттің жабылып ұрғанын көруге болады.
«Жақындарының сөзінше, оны дүкеннің жанында ұрып, ес-түссіз халде далаға апарып тағы ұрған. Ауыр халде Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Оған қысым көрсетілмес үшін туыстары Алматыдағы емдеу мекемесіне ауыстырды. Алимовке еш себепсіз шабуыл жасалды. Оқиға бейсенбі күні болды», – деп жазылған парақшаға салынған видеодағы жазбада.