Жасөспірімнің суицид жасар алдында жазып кеткен соңғы хаты табылды.
ERNUR.KZ. Таразда 14 жастағы кәмелетке толмаған бала 12-қабаттан секірді, деп жазады Azattyq Ruhy.
Жасөспірім оқиға орнында алған жарақатынан қайтыс болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталып жатыр. Оның өлім алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейтін болады.