Таразда алып сәби дүниеге келді

0
491

Тараздағы перзентханада салмағы 5 келі, бойы 62 сантиметр болатын нәресте дүниеге есігін ашты.


Таразда алып сәби дүниеге келді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп жазады exk.kz.

19 сәуірде сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығының қабылдау бөліміне толғағы қысқан жүкті әйел түскен. Дәрігерлер қарағаннан кейін бірден консилиум ұйымдастырған.

"Шарана анасының құрсағында жамбаспен жатқан. Сол біраз қиындық тудырды. Ана мен баланың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігін жасау туралы шешім шығарды", деді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілі.