Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеген.
ERNUR.KZ. Таразда әскери бөлімнен қашып кетіп, 4 күннен бері іздестіріліп жатқан сарбаз табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Ведомствоның баспасөз қызметі Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың табылғанын мәлім етті. Оқиғаның мән-жайы толығырақ кейін хабарланады.
Еске сала кетсек, Таразда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қашып кеткен. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеген.
Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Олардың айтуынша, сарбаз басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы.
Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді.