Оқушыларды кім және не үшін атқандығы белгісіз.
ERNUR.KZ. Қазір науқастар ем қабылдап жатыр. Оқиға 15 сәуір күні Шөлдала алқабында болған көрінеді. Оқушыларды кім және не үшін атқандығы белгісіз. Атыстың болғанына 5 күн өтсе де, полиция тарапынан толық ақпарат берілмей отыр, деп жазады 24.kz.
Белгілісі, оқ тиген жасөспірімдер түнгі сағат 1:30-дар шамасында ауруханаға өздері келген. Жарақат пунктінде медициналық көмек көрсетілген. Олардың екеуі 17, біреуі 16 жастағы бозбала. Оқ біреуінің беті мен мойнына, қалған екеуінің аяғы мен қолына тиген.
Абырой болғанда бытыра денелеріне терең дарымаған. Ішкі органдар зақымданбай, аман қалды дейді дәрігерлер. Науқастар бір-екі күнде ауруханадан шығарылады.
"Алыстан болғаннан кейін шашыранды болып жарақаттанған. Бірақ ешқандай мүшелері зақымданбаған. Жаралары үлкен емес. Ол 0,5 сантиметр аралығында болғаннан кейін ол жерге бір-бір тігістен салынады. Кейбір жеріне салынбайды. Бытыралар майда", - дейді травматолог-ортопед, Демеу Әліпбаев.