Таразда ер азамат алғашқы кездесуде бойжеткенді тонап кетті

0
954

Желідегі жігітті тірідей көрген бойжеткеннің көңілі қалған: ер адамның келбеті суреттегіден мүлдем басқа болып шыққан.


Таразда ер азамат алғашқы кездесуде бойжеткенді тонап кетті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 26 жастағы жігіт бойжеткенмен әлеуметтік желі арқылы танысып, артынша оны тонап кеткен, деп жазады Stan.kz.

26 қаңтар күні алматылық бойжеткен Тараз қаласының бөліміне арыз жазыпты. Сөзінше, ол ұрлықшының құрбанына айналған.

Азаматша әлеуметтік желі арқылы ер азаматпен танысып, үш күннен кейін онымен Таразда кездесуге бел буыпты. Желідегі жігітті тірідей көрген бойжеткеннің көңілі қалған: ер адамның келбеті суреттегіден мүлдем басқа болып шыққан.

"Бойжеткен қарым-қатынасты үзбекші болған. Осылайша олардың алғашқы кездесулері тонаушылық әрекетіне ұласқан. Ашуланған ер азамат қыздың телефоны мен жеке куәлігін тартып алыпты. Тараздың қалалық полиция бөлімшесін қызметкерлері әлгі азамат қолға түсірді. Айтылған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 191 бабы, 1 бөлімі бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл облысы ПД-нің қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтардың әрекеттері жиілеуде деп ескертеді", - делінген ресми хабарламада.