Анасы қызды сыртынан құлыптап, дүкенге кеткен.
ERNUR.KZ. Таразда Ұлттық ұланның сарбаздары бесінші қабаттан секірмек болған 8 жасар қызды құтқарып қалды. Оқиға 8 желтоқсан күні кешкі уақытта болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Терезенің жақтауында тұрған қызды көрген сарбаздар дереу полицияға хабар беріп, өздері оқушыны әңгімеге тартып, алдандырып тұрған. Сондай-ақ, олар қыздың анасын тауып, оны да оқиға орнына шақыртқан.
«Үй иесімен бірге пәтерге кіріп, қайғылы жағдайдың алдын алады. Кейін белгілі болғандай, анасы қызды сыртынан құлыптап, азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен екен. Ал қызы «Мені тастап кетті» деп ойлап, қобалжығаннан терезеден секірмек болған. Дер кезінде жедел көмек көрсеткен, баласын жамандықтан аман алып қалған Ұлттық ұлан жауынгерлеріне азаматша шексіз алғысын білдірді», - делінген аталған хабарламада.