Үшем қыздар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді.
ERNUR.KZ. Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында Жалпақ төбе ауылынан Абдуллаевтар отбасында үшемдер дүниеге келді, деп жазады baq.kz.
Отбасы тірегі - Алинур Абдуллаев супервайзер, анасы - Умида Аширова зертханашы болып жұмыс істейді. Жұбайымен бірге олар екі қыз тәрбиелеп отыр: 2015 жылы туған Айлану және 2018 жылы дүниеге келген Амелия.
Үшем қыздар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1980,0, 2120,0 және 2020,0 грамм болды. Олар әдемі есімдермен аталды-Айлин, Алия және Элиф. Туылғаннан кейін шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды. Қазір қыздардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім ұйымдастырылуда. Балалар анасымен бірге, - делінген Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.