Таразда жетімдердің есепшотынан 10 млн теңгеден астам ақша шешіп алған

0
861

Қаражатты бұрынғы тәрбиеленушісі шешіп алған.


Таразда жетімдердің есепшотынан 10 млн теңгеден астам ақша шешіп алған

ERNUR.KZ. Жетімдердің қазынасына қол сұқты. Таразда жасөспірімдерге арналған мекеме тәрбиеленушілерінің есеп-шоттарынан он миллионнан астам қаражат жымқырылған. Жеті жыл бұрын өзі де осы мекемедеден түлеп ұшқан 25 жастағы келіншек, жетімдердің ақшасын алу үшін жалған төлқұжат жасап, тіпті кейбірін қорқытып нотариус арқылы қол қойғызыпты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Светлана Тщеславова баспана алуға мемлекет тарапынан берілетін ақшасынан қалай айырылғанын сезбей қалған. Өзін жетіммін деп таныстырған 25 жастағы келіншек әуел баста алдап-сулап нотариустан қол қоюға көндірмек болған. Алайда, үзілді-кесілді бас тартқан соң бойжеткеннің аяушылық сезімін оятпақ болған. Кейіннен әлдебір құжатқа қол қойсаң жетеді деген. Бірақ, оның есеп-шоттан алынантын қаражатқа қатысы бар екенінен мүлде бейхабар болдым, дейді.


«Мен әуел баста құжаттарға қол қоюдан бас тарттым. Бірақ, аурушаң баласын айтып аяушылық танытуымды сұрады. Егер, қол қоймасаң кішкентайға ота жасалмайды деп сендірді. Ақшаның жымқырылатыны туралы ешқандай ой болмапты. Барлығын кейіннен білдім», - дейді жәбірленушы Светлана Тщеславова.


Светланадан кейін тағы да алты жасөспірім өздерінің ақшаларының жоғалғанын мекеме басшыларына хабарлаған. Директор орынбасарының сөзінше, он миллионнан астам қаражатты бұрынғы тәрбиеленушісі шешіп алған. Тіпті, кейбір жәбірленуші қолдарын қойса, енді бірінің төлқұжатын қолдан жасап, банктегі ақшаларын жымқырып кеткен.


«Ұлан» балалар үйінен шыққан түлек. Бізде 1 жыл тұрған. 2012 жылдан 2013 жылға дейін. Әр баланың счетынан екі миллионнан жоғары ақша ұрланған. Барғандары да бар, бармағандары да бар. Сол бармағандар получается нотариус қалай жасады? Осы сұрақтар тағы да басқа сұрақтар туындап жатыр бізде», - деді Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйі директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Мәдиева.


Мұнда негізінен он сегіз жастан асқан жетімдер паналайды. Сұрақ көп, алайда, нақты жауап пен істің қалай жүргізілгені әзірге белгісіз. Жәбірленушілердің сөзінше, күдіктінің жұбайының да бұл іске қатысы бар. Ал, нотариустың қалай жұмыс істегенін қазір құзырлы органдар анықтауға кірісіпті.



«Пәтер алуға көмек көрсету сылтауымен күдікті 3 миллионнан алты миллионға дейінгі сомманы иеленген. Мекеме түлектерінің шотынан мемлекеттік жылжымайтын мүлік сатып алуға бөлінген ақшалай қаражатты алуға қатысты болған. Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды», - дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара мұқтарқұлова.


Мекеме басшысының сөзінше, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің есеп-шотына әртүрлі әлеуметтік статусына байланысты мемлекеттен қаражат түсіп тұрған. Оны он сегіз жасқа толғандарының алуына мүмкіндік бар. Осыны пайдаланған күдікті бірден ақшаларын шешуге әрекет жасағанға ұқсайды. Енді істің ақ-қарасы тергеуден кейін белгілі болмақ.