Таразда жоғалған жасөспірімдер Қырғызстаннан табылды

0
1 476

Кәмелет жасқа толмаған қос ғашық көзге түспес үшін шаштарын бояп, сыртқы келбеттерін өзгертіп тастапты.


Таразда жоғалған жасөспірімдер Қырғызстаннан табылды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Таразда жоғалған жасөспірімдерді іздеу шаралары тоқтатылды. Жоғалған жеткіншектер қырғыз елінен табылды, деп жазады 24.kz.

Оларды іздеу жұмыстары екі апта бойы жүргізілген. Кәмелет жасқа толмаған қос ғашық өздеріне іздеу жарияланғанын білген. Көзге түспес үшін шаштарын бояп, сыртқы келбеттерін өзгертіп тастапты.

Естеріңізге сала кетейік, 17 жастағы Владимир Сергеев пен 15 жастағы Виктория Мазуренко із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған болатынбыз. Оларды іздестіруге полицейлермен қатар еріктілер де жұмылдырылған еді. Қазір ата-аналары Қырғызстанға жолға шықты. Олардың шекарадан қалай өтіп, көрші елдің аумағына қалай жеткендігін тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

"Маған көрші қырғыз елінің полиция қызметкерлері хабарласып, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ұсталғандығы туралы айтты. Біз негізі сары шашты жеткіншектерге іздеу салған болатынбыз. Ал жіберген фото суреттерінде шаштарын қара түске бояп тастапты. Ең бастысы, аман-есен табылды. Іздеуге ат салысқан азаматтардың барлығына рақмет. Дер кезінде жариялаған «Хабар 24» телеарнасына ерекше алғыс білдіреміз" - дейді еріктілер тобының жетекшісі, Николай Чагай.