Тараздағы қарттар үйінде қайтыс болған зейнеткердің мәйітін туыстары қайта қазып алды

0
576

Тараздық 88 жастағы Раиса Кузнецова ауыр жарақаттардан соң қарттар интернатында қайтыс болған кейуана.


Тараздағы қарттар үйінде қайтыс болған зейнеткердің мәйітін туыстары қайта қазып алды

ERNUR.KZ. Соңғы үш жылын өткізген қарттар үйінде марқұм мекемеде жүргенде құлап қалған делінді. Әжелернің өз өлімімен өлмегеніне сенбеген туыстары эксгумацияға қол жеткізді. Енді марқұмның мәйіті Алматы маңына екінші рет жерленіпті, деп жазады Stan.kz.

88 жастағы Раиса Кузнецова гематомалар мен ауыр жараларын видеода көрсеткен соң туыстары эксгумацияны талап етті. Олар зейнеткерді қарттарға арналған интернатта қатты соққыға жығып, мұны жасырған деп болжап отыр.

Жантүршігерлік кадрлар ғаламторда тараған кезде (әйелдің қайтыс болғанына бір жарым ай өтті) жанжал шықты. Видеоның авторы кім екені әзірге белгісіз.

“Мына жерім қатты ауырып тұр, соққы осы жерден болды. Көрдіңіздер ме, мына жерімнің бәрі ауырып тұр. Бәрі ауырып тұр”, – деген еді видеода қарт әйел.

Қарттар үйінің әкімшілігі зейнеткердің баспалдақтан құлап жарақат алғанын мәлімдеді.

Оны ешкім ұрмағанын, оны өзі растағанын айтты. Бірақ полиция зейнеткердің екі рет құлағанын, екінші ретінде кейбір сүйектері сынғанын айтты.

“Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері бірқатар тергеу іс-шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды”, – дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Туыстарының айтуынша, Раиса Кузнецова қарттар интернатында үш жылдан астам өмір сүрген: оның балалары мен күйеуі жоқ. Сол жақат жан тәсілім еткен. Оны ковидке байланысты оған келуге тыйым салған.

Арнайы мекемеде уақыт өткізген зейнеткерге ұнайтын сияқты болған. Сондықтан оның денесіндегі гематомалар, туыстарын таңғалдырды.

“Біз денені эксгумациялауға қол жеткіздік, қазір сараптама нәтижелерін күтіп жатырмыз. Мәйітті Тараздан Алматы қаласына қайта жерлеу үшін тасымалдауға рұқсат алдық. Қайта жерлеу жұмыстары жүргізілді. Енді апамыз туыстарымыз жерленген жерде жаны жай тапты”, – дейді туысы Регина Абдразакова.

Қазір сарапшылар Раиса Кузнецова шын мәнінде құлап қайтыс болды ма жоқ па, анықтап жатыр. Туыстар мамандар мәселенің ақ-қарасын анықтайды деп үміттеніп отыр.