Тараздықтар 1 шаршы метрден 20-25 кг сиыр сүтін молайтатын құнарлы шөп алып жатыр

0
2 240

Осы технологияның арқасында сауу мөлшерін кемінде 30-40 %-ға арттынуға болады.


Тараздықтар 1 шаршы метрден 20-25 кг сиыр сүтін молайтатын құнарлы шөп алып жатыр

Бүгін Тараз қаласында «КАЗ ГИДРОПОНИКА» ЖШС-нің басшылығымен Басқарма өкілдері мен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне гидропоника цехын құру бойынша оқыту семинары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Гидропоника - бұл жасыл шөпті топырақсыз өсірудің тәсілі, осы технологияны пайдалана отырып, 1 шаршы метрден 20-25 кг жасыл шөп алуға болады және бұл сүтті сиырды күні бойы қоректендіре алады.

Осы технологияның арқасында сауу мөлшерін кемінде 30-40 %, сүттің майлылығын 3-4 %, салмағын 800-1500 граммға дейін арттыруға болады. Сонымен қатар, гидропоника ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына дербес және аздаған материалдық-қаржылық шығындармен теңдестірілген шөп рационын әзірлеуге мүмкіндік береді.


Дереккөз: Ауыл Шаруашылығы Басқармасы