"Тарихта әлеуметтік қашықтықты сақтау болмаған" - жалған ақпарат

0
665

Сол сияқты, "адамзат тарихындағы пандемия кезінде өзін-өзі оқшаулау болмаған" деген де ақпарат тарады.


ERNUR.KZ. Қазнет қолданушылары коронавирус пандемиясы кезіндегі санитарлық нормалардың тиімділігіне күмән келтіріп, «Бұған дейінгі пандемияларда өзін-өзі оқшаулау да, әлеуметтік қашықтықты сақтау да болмаған, дегенмен адамзат қауіпті аурулардың өршуіне төтеп бере алды» деген сыңайда хабарлама таратты, деп жазады StopFake.

Порталдың хабарлауынша, әлеуметтік қашықтықты сақтау және өзін-өзі оқшаулау туралы алғашқы ескерту біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда болған. Ол туралы Левит кітабында жазылған: «Ауырған барлық күндерінде ол арам болады. Ол бөлек тұруы керек және оның тұратын жері мекеннен тыс болуы керек».

Сондай-ақ Византия империясында Юстиниан обасы кезінде карантин жарияланғанын растайтын тарихи дәлелдер де бар.

1918 жылы испан тұмауы пандемиясы кезінде карантиндік шаралар қатаң болған. Кейбір қалаларда қоғамдық көлік қозғалысы шектеліп, қоғамдық шаралар тоқтатылған, бетперде тағу міндетті болған.

Одан бөлек, жазба авторлары SARS-CoV-2 штамына байланысты ДДСҰ үшін пандемия деп жариялаудың қажеті жоқтығын айтып, коронавируспен ауырған адамдар саны жеткіліксіз екенін алға тартады. Жер бетіндегі адамдардың 5%-ы инфекция жұқтырған жағдайды індет деп санауға болады деген мәлімет таратқан.

Пандемия - бірнеше ел мен континенттердің аумақтарын қамтыған эпидемиялық процестің дамуының ең жоғары деңгейі.

2020 жылғы 11 наурызда COVID-19 пандемиясы жарияланған кезде 114 мемлекетте індетті жұқтырудың 118 мыңнан астам жағдайы тіркеліп, 4 291 адам қайтыс болған еді.