Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ – Бас прокуратура

0
808

Бас прокуратура бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.


Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ – Бас прокуратура

ERNUR.KZ. ҚР Бас прокуратурасы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп атқаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының Иманғали Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы қаржы жымқыруға қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқан болуы мүмкін деген хабарлама таратылуда.

Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды», - делінген Бас прокуратураның баспасөз хабарламасында.

Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.