Тауда адасқан 16 жастағы екі жасөспірім құтқарылды

0
1 385

Зардап шеккендермен ұялы байланыс болды, жасөспірімдер Кумбель шыңы аймағындағы туристерді құтқаруға арналған таудағы лашық үйлердің бірін паналады.


Тауда адасқан 16 жастағы екі жасөспірім құтқарылды

2023 жылғы 23 қыркүйекте сағат 20:10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткендері туралы екі жасөспірімнен хабарлама келіп түсті. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздеуге жолға шықты, деп хабарлайды nege.kz

Зардап шеккендермен ұялы байланыс болды, жасөспірімдер Кумбель шыңы аймағындағы туристерді құтқаруға арналған таудағы лашық үйлердің бірін паналады. Құтқарушылар жасөспірімдерге сағат 3:38-де жетті.

Тауда қар көп болғандықтан, жастардың киімдері су болып қалған екен. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, сағат 5: 20-да тау басынан түсе бастады. Жас туристер Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Құмбел бағытымен жүріп, сол жерден Горельник шатқалына түсе бастағаны анықталды. Алайда, жас туристтер уақытты есептемей, қараңғы түсе бастаған соң, жолды қысқартуға шешім қабылдаған.

Олар жолдан шығып, адасып қалған. Жасөспірімдер дер кезінде дұрыс шешім қабылдады: дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, арнайы таудағы лашық үйге барып, паналаған.