Балалар Алатаудың биік шыңдарының бірін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында бағындыруды жоспарлап отыр.
ERNUR.KZ. Алматы әскери-патриоттық клубының мүшелері Қазақстанның көк байрағын Қарлытау шыңына орнатпақ, деп жазады ҚазАқпарат.
Балалар Алатаудың биік шыңдарының бірін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында бағындыруды жоспарлап отыр.
Осылайша, Алматы әскери-патриоттық клуб мүшелері мерекеге тарту жасамақ. Тау шыңына 3 жылдан бері альпинизммен айналысатын балалар шығады.
Бүгінге дейін жасөспірімдер биіктігі 3 мың - 4 мың метр болатын Панфилов, Абай, Молодежный, Советов, Комсомол, Фурманов пен Панорама шыңдарын бағындырып үлгерген.