Текелі тауларына қыдырып келіп, қызығушылықпен шахтаға кірген.
ERNUR.KZ. Бүгін Алматы облысындағы Текелі қаласында үш жігіт шахтада қайтыс болды. Марқұмдардың денесі қараусыз қалған кен орнынан шығарылды, деп жазады inform.kz.
«Оқиғаны растаймыз. Қайғылы жағдай бүгін болды. 25-26 жастағы жігіттер Талдықорған қаласының тұрғындары болып шықты. Олар Текелі тауларына қыдырып келіп, қызығушылықпен шахтаға кірген. Бұл шахталар жұмыс істемейді. Нақты жігіттердің өліміне не себеп болғанын арнайы құзырлы органдар, сот-медициналық сараптама анықтайды», - деді Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев ҚазАқпарат тілшісіне.
Бастапқы болжам бойынша, үш жігіт шахтаның ішіндегі улы газға уланып көз жұмуы мүмкін.