Tele2/Altel Екібастұздағы қолданушыларына қолдау білдірді

0
664

17 мың тұрғын қазақстандық операторлардың ұялы нөмірлеріне 45 минут пен 45 SMS, сондай-ақ 8 ГБ интернет-трафик алады.


Tele2/Altel Екібастұздағы қолданушыларына қолдау білдірді

ERNUR.KZ. Ұялы байланыс операторы төтенше жағдай жарияланған Екібастұз қаласының тұрғындарын тегін ресурстармен қамтамасыз етті, деп жазады stan.kz.

17 мың тұрғын қазақстандық операторлардың ұялы нөмірлеріне 45 минут пен 45 SMS, сондай-ақ 8 ГБ интернет-трафик алады. Пакет 2022 жылдың 28 қарашасынан бастап 30 күн бойы жарамды болады. Теңгерімді қолайлы командалар арқылы тексеруге болады: *123*1*3# - Tele2, *807# - Altel.

Еске салайық, Екібастұзда 27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭО-ның бірнеше қазандық агрегаты бірден тоқтап қалған еді. Салдарынан 130 көпқабатты үй жылусыз қалған. Қала билігі өңірде төтенше жағдай жариялады. Түрлі ақпараттарға сүйенсек Екібастұзда балабақшалар жұмыс істемейді, ал мектеп оқушылары уақытша қашықтықтан оқу форматына көшірілген.