Теміртауда футбол қақпасы оқушының үстіне құлады

0
437

12 жастағы ұл бала басынан жарақат алған.


Теміртауда футбол қақпасы оқушының үстіне құлады

ERNUR.KZ. Жазатайым оқиға Теміртауда 10 мамыр күндізгі уақытта болды, деп жазады inbusiness.kz.

Порталдың жазуынша, жасөспірім Металлургтер стадионындағы алаңда ойнап жүрген кезде оның үстіне футбол қақпасы құлаған. Ол басынан жарақат алды. Әлеуметтік желілерде оқиға кезінде түсірілген бейнежазба тарады.

Зардап шеккен 12 жастағы жасөспірім ата-анасымен бірге қаладағы Орталық ауруханаға жеткізілді. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға медициналық көмек көрсетіліп, кейіннен ол Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жіберілген. Оқушыға "желке аймағының көгерген жарасы" диагнозы қойылды.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін жасөспірім амбулаториялық емделуге жіберілді.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті аталған фактінің тіркелгенін хабарлады. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша шешім шығарылады.