Кеше диаметрі 300 мм құрайтын магистральдың қатып қалғаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Теміртауда магистральды су құбыры қатып қалды. Салдарынан қаланың шығыс бөлігінің алты орамындағы үйлерде су қысымы төмендеді, деп жазады inform.kz.
Кеше диаметрі 300 мм құрайтын магистральдың қатып қалғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер ақауды жойып жатыр.
«Су құбырының қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйіне гидравликасы төмендетілген су беріліп жатыр. Проблемалық аймақ анықталды (шамамен 20 м). Сумен жабдықтаудың штаттық режимін қалпына келтіруге 8 бригада мен 10 техника тартылды», — деп хабарлады «Оқжетпес-Т» ЖШС.
Мәселе қала әкімінің бақылауында.