Теміртаулықтар 20 градус аязда жылусыз қалды

0
2 654

Қала әкімдігінің мәліметінше, ЖЭО-да апат болған. Бес қазандықтың үшеуі істен шыққан.


Теміртаулықтар 20 градус аязда жылусыз қалды

ERNUR.KZ. Теміртауда мыңнан аса көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, ЖЭО-да апат болған. Бес қазандықтың үшеуі істен шыққан. Мыңнан аса үй 20 градус аязда жылусыз қалды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Теміртауда жылу мәселесі бұрыннан бар. Маусым басталғалы үйлерге бірнеше рет жылу берілмей қалған екен.

"Қаланы толыққанды жылыту үшін қажет бес қазандықтың үшеуі бірден істен шықты. Қазіргі жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Компания осындай жағдай қайталанбауы үшін барлық күшін салады", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өкілі.

Олардың мәліметінше, 26 ақпанда қажетті жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. "Жақын арада жылумен жабдықтауды толық қамтамасыз ету үшін қажетті бес қазандық өз параметрлеріне шығады", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жағдайға түсінік берді. Ол "АрселорМиттал Теміртау" ЖЭО-2 жұмысын бірден бірнеше мемлекеттік орган тексеретінін мәлімдеді.

"Шынында да, кеше, бүгін Теміртауда жылыту жағдайы оңай болған жоқ. Тұрғындарға шыдамдық танытқаны үшін алғыс айтамыз. Қалаға облыс прокуратурасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік және энергияны қадағалау органдарынан тексеру жіберіледі", - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол жаңа 7-іші қазандықтың құрылысын аяқтауды тездетуді талап етті.