Асхана жұмысын тоқтатып, жұмысшылар тамақты басқа асханадан ішеді.
ERNUR.KZ. Теңіз кен орнында уланған жұмысшылар ауруханаға жатқызылды, деп жазады Экспресс К.
Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, уланған жұмысшылар ауруханада ем алып жатыр.
"Тағамдық токсикоинфекция" диагнозымен Жылыой аудандық орталық ауруханасында 11 жұмысшы жатыр. "Каз Пром Строй Инжиниринг" ЖШС-не тиесілі асханада жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Сынамалар алынып, Ұлттық сараптама орталығына жіберілді", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Асхана жұмысын тоқтатып, жұмысшылар тамақты басқа асханадан ішеді. ТеңізШеврОйл компаниясы жұмысшыларға қажетті медициналық көмек көрсетілетінін хабарлады.
Осыған дейін Теңіз кен орнында 33 жұмысшы астан уланып қалғанын хабарлаған болатын.