Теңіз кенішінде цистерна жарылып, жұмысшы қаза тапты

0
552

37 жастағы жұмысшы қаза тауып, тағы 30 жастағы жұмысшы жарақат алды.


Теңіз кенішінде цистерна жарылып, жұмысшы қаза тапты

ERNUR.KZ. Теңіз кен орнында көлік цистернасы жарылып, оқиға салдарынан жекеменшік компанияның бір қызметкері қаза тапты, екіншісі жарақат алды, деп жазады tengrinews.kz.

Түс ауа Теңіз кен орнында адам өліміне әкелген апат болды – WEST DALA компаниясына тиесілі "вакуум" көлігінің цистернасы жарылған. 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, тағы 30 жастағы жұмысшы жарақат алды.

Атырау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, қазір Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.

Сайт мәліметінше, WEST DALA мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратумен айналысады.