«Теңізшевройлдың» бас директоры ауысты

0
1 527

«Теңізшевройл» ЖШС жайғастыру, өндіру және мұнай, газ және күкірт өткізу жұмыстарымен айналысады.


«Теңізшевройлдың» бас директоры ауысты

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 1 желтоқсаннан бастап өндіріс бөлімінің бас менеджері Имер Боннер «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Тед Этчисонды алмастырды, деп жазады baq.kz.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Тед Этчисон Шеврон корпорациясындағы 38 жылдық еңбек өтілінен кейін зейнетке шығып отыр. Тед Индонезия, Нигерия, Қазақстан және АҚШ-тың түрлі бизнес бөлімшелерінде жобалау, өндіріс, басқару салаларында әр алуан басшылық қызметтерді атқарды.

«Мен және жұбайым Сюзан шамамен 8 жылдай Алматы мен Атырауда жұмыс істеп, осынау тамаша елдің бір бөлшегі болу құрметіне ие болдық. Бірнеше жыл бойы ТШО сияқты әлемдік деңгейдегі кәсіпорынды басқарып, Қазақстан Республикасының дамуына және де Теңізшевройлдың тамаша қызметкерлерін шыңдауға үлес қосқанымды мақтан тұтамын. ТШО-ның 25-жылдық мерейтойы жылы кәсіпорын тізгінін Имерге тапсыра отырып, мен оның басшылығымен кәсіпорынның одан әрі дами түсетінін сеніммен айта аламын», -дейді Тед Этчисон.

Тедтің басшылығымен ТШО қауіпсіз және сенімді өндіріс екенін дәлелдеп, 1993 жылдан бері көлемі 3 млрд баррель мұнай өндіріп, маңызды межеге қол жеткізді.

Кәсіпорынның жаңадан тағайындалған бас директоры Имер Боннер: «ТШО Келешек кеңею жобасымен дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Кәсіпорын мен ел үшін осынау маңызды кезеңде осында болу мен үшін зор құрмет», - деді.

Имер Белфасттағы Квинс университетінде химия инженері мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Кейін Лондонның Империялық колледжінде ілгеріленген химия өнеркәсібі және мұнай өндіру технологиялары бойынша екі магистр дәрежесін иемденген. Имер Боннер 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін ТШО-ның өндіріс жөніндегі бас менеджері болып қызмет атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында Алматыдағы Шеврон корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорының орынбасары болды. Имер Шеврон корпорациясымен Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Тайландта және Қазақстанда жауапкершілік жүгі біртіндеп салмақтана түскен техникалық және басқару қызметтерін атқарды.

«Теңізшевройл» ЖШС жайғастыру, өндіру және мұнай, газ және күкірт өткізу жұмыстарымен айналысады. Барлық жұмыстар қауіпсіздік техникасы мен экология жөніндегі әлемдік стандарттар талаптарына сай жүреді. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: Шеврон – 50%, Қазмұнайгаз – 20%, ЭксонМобил – 25% және «ЛукАрко» – 5%.

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) және Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – бір уақытта ТШО-мен жүзеге асырылған екі интеграциялық жоба. ККЖ-ны іске асыру Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 12 млн. тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде жылына 39 млн. тоннаны немесе күніне 850 мың баррельді құрайды.