Енді жағалауына орындық, шатыр және күнге қыздырынып жатуға арналған төсектер қойылады.
ERNUR.KZ. Өскемендегі Самал саябағындағы балаларға арналған көл мен жағажай дайын болды, деп жазады altaynews.kz.
Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне, сенсек, Ертісті жанай аққан арна қоқыстан аршылып, онда таза су жіберілді. Тереңдігі – 1 метр.
Енді жағалауына орындық, шатыр және күнге қыздырынып жатуға арналған төсектер қойылады.
"Көлшік уақытылы тазартылып, ара-тұра суы да ауыстырылып тұрады" – деді «Астас» ЖШС-ның директоры Борис Невзоров.
Айта кетейік, балалар көлшігінде Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы оқу-жаттығудан өткен құтқарушылар жұмыс істейтін болады.