"Терезе сынықтары бөлмеге ұшты": Жарылыс салдарынан қостанайлықтың үйі қираған

0
620

Қостанай облысында бүгін түсте бір қабатты ғимараттағы газ жарылыс салдарынан 7 адам үйінді астында қалған.


ERNUR.KZ. Қостанай облысы "Амангелді" алабының тұрғындары жарылыс салдарынан үйдің терезелері қирағанын айтты, деп жазады baq.kz.

"Амангелді" тұрғын алабының тұрғыны Татьяна Мущинская "Наша Газета" порталына сұхбат берді. Оның үйі жарылыс болған ғимаратқа іргелес орналасқан.

Мущинская жарылыстан оянып кеткенін айтты.

Негізгі соққы екінші қабаттағы терезеге келген. Біз ол уақытта ұйықтап жатыр едік. Оянып, көзімізді ашсақ, терезе сынықтары бөлменің ішіне қарай ұшып түсті. Өте қорқынышты болды, - дейді Татьяна.

Айтуынша, жарылыс болған кезде үйде төрт адам болған.

Еске салсақ, Қостанай облысында бүгін түсте бір қабатты ғимараттағы газ жарылыс салдарынан 7 адам үйінді астында қалғаны хабарланды. Бір сағат бұрын үйінді астынан екі адам табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.